Әсел Борамбаева

Тіл маманы
Асель Борамбаева — өз ісіне шынайы берілген, тәжірибелі ұстаз. Әртүрлі платформаларда 5000-нан астам онлайн сабақ өткізіп, көптеген студенттерге түрік, ағылшын және орыс тілдерін үйретті.
Менің табыс оқиғам
Сәлем! Менің атым Әсел. Бұл — менің түрік тілін меңгеру және армандарыма жету жолындағы табыс оқиғам.

Еуразия Ұлттық Университетінде бакалаврды қызыл дипломмен аяқтап, “Türkiye bursları” бағдарламасының грантын жеңіп алдым. Осы мүмкіндік арқылы мен Түркияның жетекші оқу орындарының бірі — Marmara университетінің магистратурасына қабылдандым.

Оқуға дайындық кезінде TÖMER тіл мектебінде бір жыл бойы күніне 6 сағаттан түрік тілін оқыдым. Сабақтан тыс уақыттарда Стамбұлда достар тауып, күнделікті өмірде тілді еркін қолдана бастадым.

Нәтижесінде, емтиханнан 100 баллдан 98 жинап, түрік тілінен С1 деңгейіндегі (ілгері деңгей) сертификат алдым.

Кейін Erasmus Mundus бағдарламасы арқылы Еуропалық Одақтың стипендиясын жеңіп алып, Швециядағы Лунд университетінде білімімді жалғастырдым. Сол жерде Таяу Шығыс елдерін зерттеу орталығында магистратурада оқып, түрік тілін жоғары деңгейде дамытып қосымша сабактар алдым.
Тіл үйрену — мен үшін тек білім емес, жаңа мүмкіндіктерге ашылған есік болды!

Оқуды аяқтаған соң Стамбұлға қайта оралып, тұрмысқа шығып, түрік отбасының мүшесі атандым. Жаңа ортаға бейімделіп, көптеген нәрсе үйрене бастадым: түрік халқының менталитеті, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері. Түрік тілін ана тілі деңгейінде қолдана бастадым.

Пандемия кезінде онлайн білім берудің мүмкіндіктерін түсініп, түрік, ағылшын және орыс тілдерінен әртүрлі онлайн платформаларда сабақ бере бастадым.

Бүгінгі күні мен көптеген оқушыларыма жаңа елде бейімделуге, мансапта өсуге, бизнесін кеңейтуге, тілдік емтихандарға дайындалуға және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектесемін. Олар өз мақсаттарына сәтті жетіп жатыр.

Төрт тілді меңгерген адам ретінде, мен тіл үйрену барысында кездесетін қиындықтарды жақсы түсінемін және оқушыларыма кез келген кедергіден өтуге қолдау көрсетемін.
Бізбен байланысыңыз:
+7 771 791 59 28
assel@asselboram.com
Асель Борам

Жария оферта шарты

Құпиялық саясаты

© All Rights Reserved. Assel Boram Inc.

e-mail us: assel@asselboram.com